Кіру
AA+
"М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Қазығұрт ауданының білім бөлімі
"М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Қазығұрт ауданының білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

М Әуезов атындағы мектеп тарихы

М Әуезов атындағы  мектебі -  бір ғасырға жуық тарихы бар нысан. Бұл нысанның іргетасы 1934 жылы ауыл азаматтарының көмегімен қаланған.Соның ішінде, Садыбаев Мәлікбай атамыздың мектеп құрылысына атсалысып, Қарабастау мешітінің түнекесін әкеліп жапқанын айтуға болады.  Алғашқыда 4 жылдық мектеп болған.1936 жылы мектепке М Горький есімі берілді.

Ол уақытта Шымкент облысы, Ленин ауданы көлемінде бастауыш мектебі болып ашылған. 1940 жылы 7 жылдық мектеп болып кеңейтілді.

1954 жылы 8 жылдық болып келіп, 1955 жылы 10 жылдық мектеп болып ашылып , Жолдасов Қалы деген азамат басшы болған .  Алғашқы бітірушілер 1957  жылы 10 жылдықты бітіріп шықты.Ол уақытта бұл мектеп М Горький  атындағы орта мектеп еді.

1968 жылы 1 сәуірде М. Горький атындағы орта мектеп өз алдына бөлініп шықты.

1968 жылы қазақтың ұлы жазушысы М.О. Әуезовтың есімі беріліп, 8 жылдық мектеп болып қалыптасты .Ол уақытта Кеңесбек Малдыбаев 1968 – 1969 жылдары мектепте басшылық қызметін  атқарды.

2007 жылы күрделі жөндеуден өтті .Ал 2019 жылы 300 орындықты  зәулім мектеп бой көтеріп, пайдалануға берілді.

        М Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебінің басшысы қызметін атқарған азаматтар:

  • Жолдасов Қалы 1939 - 1941 ж.ж
  • Өтегенов Аяған 1941- 1947 ж.ж
  • Жантілеуов 1955 – 1956 ж.ж
  • Жарасов 1956 ж.ж
  • Рсымбетов Сансызбай 1956 – 1957 ж.ж
  • Тастанбеков Тәңірберген 1957 -1958 ж.ж
  • Шакшанбаев Мұрат 1958 -1964 ж.ж
  • Ташов Зиятбек 1964 – 1967 ж.ж
  • Акшабаев Қыдыр 1967 – 1969 ж.ж
  • Малдыбаев Кеңесбек 1968 – 1969 ж.ж
  • Шакшанбаев Мұрат 1968 – 1983 ж.ж
  • Наухан Исаев 1983 – 1984 ж.ж
  • Төлен Оспанов -1987 ж.ж
  • Наухан Исаев 1987 – 1990 ж.ж
  • Төлен Оспанов  1990 – 1992 ж.ж
  • Сәтбай Бейсенов 1992 – 1998 ж.ж

1993 жылы М. Әуезов жалпы орта мектебі болып өзгертілді.

17 Әлібек Қожабаев                1998 – 2000 ж.ж

18  Абай Оразбаев                   2000 – 2006 ж.ж

19  Бек Исаев                            2006 – 2007 ж.ж

20 Құлмаханбет Қалықбаев    2008 -  2016 ж.ж

21  Скандор Мұсақұлов           2016 – 2019 ж.ж

22  Сайын Ахаев                        2019 – 2024 ж.ж

23  Қуат Ауганбаев  2024 ж ақпан  айынан бастап осы аталған М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебінде қызмет атқарып келеді.